Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады » «Wonder intel school»
«Wonder intellectual scholl»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:181140007068
Қабылдау бөлімі:
+7(777) 200-70-10
"Әдіскер:
+7(702) 377-70-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады
01
тамыз
2026

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Сондай-ақ 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив